Ақпанның 1-і мен 11 аралығында мектебімізде өзін-өзі тану және сынып жетекшілер әдістеме бірлестігінің "Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы" атты онкүндігі бастау алды.
Онкүндік аясында 1 ақпан күні кітапханада «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандық және әлемдік ойшылдардың, педагог-гуманистердің шығармалары шығармаларының көрмесін ұйымдастырды.