Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс тәсілдерін жетілдіре және ата-ананың тәрбие ісіне қызығуын оята отырып, ынтымақты қарым-қатынас орнату.
Жиналыстың өту барысы:
Ата-аналарды топқа бөлу мақсатында белгілі әндер шумақтарының жолдары таратылады.
Хатшы (жазып отырады)
Таймкиппер (уақытты белгілеп, қадағалайды)
Презентатор (жобаны қорғайды (адам саны 6-дан көп болса 2-3 адам))
бақылаушы (не маңызды, бақылап отырады)
безендіруші (жобаны безендіреді).
Белсенділікпен қатысу;
Тыныштық сақтау;
Ойын ашық айту;
Ынтымақтылық;
Бірін-бірі тыңдау.
Әр топ осы тақырып бойынша жоба қорғайды. Қорғаған топқа қалған топтардан
2 жұлдыз, 1 пікір айтылады.
Ескерту: топтық жұмысқа 15 минут, жобаны қорғауға 3 минут уақыт беріледі.
Бүгін:
Тәрбие – кешіктірілсе кешірмейтін, дұрыс бағыт алмаса қайта қалпына келмейтін нәзік те күрделі, кәделі де сауапты, игілікті де ізгілікті істеріміздің бірі. Сондықтан да, қызғалдақтарымыз бен ізгі армандарымызды XXI ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл, құзыретті, зияткер, жан-жақты мәдениетті тұлға ретінде қалыптастыруда ынтымақтасқан еңбегіміз жана берсін!