Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп 3 «ә» сынып.
Біздің сыныпта 28 оқушы дәріс алады. Наурыз айында барлық оқушылар сынып сағаттарында ат салысты. Атап айтсақ, 8-наурыз халықаралық әйелдер күнінде 3 «ә» сыныптың ұлдары сынып сағатын ұйымдастырды. Аналарға сыйлық әзірледік. Сыныптың ұлдары қыздарға арналған сыйлықтарын беріп, концерттік бағдарлама дайындады.
Наурыз мерекесіне арналған «Береке басы-Наурыз» атты сынып сағаты өтті.Барлығы ұлттық киімде болды.Оқушылар толық қатысып өз өнерлерін көрсетті.Наурыз көже ішіп,түрлі ұлттық тағамдардан дәм татты.
Наурыз мерекесі біздің ұжымда да тойланды. Әр әдістеме бірлестігі ауыл-ауылға бөлініп, салт-дәстүрден шағын көріністер көретті.Біздің қазақ бастауыш әдістеме бірлестігі «Тұсау кесер» рәсімін көрсетіп өтті. Барлығымыз ұлттық киім киіп,наурыз мерекесін тойладық. Дастарқан жайылды.Ұлттық тағамдар қойылды. Біздің бірлестік бірінші орынға ие болды.