"Қызғалдақ" сырласу клубының ұйымдастыруымен "Асыл әже, сүйкімді немере" атты байқау өтті. Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жакупова Самал Серікқызы. Сайысқа әр сыныптан бір әже, бір немереден қатысты. Төрелік еткен әділ-қазылар : мектеп директоры Қасымбек Жамал Базарқұлқызы, директордың ғылыми-әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Ғазиева Жанна Қасенханқызы, директордың шаруашылық істері жөніндегі орынбасары Хамит Жұмагүл Жанпейісқызы, ақын ұстаз Ашымжан Үрімжан.
Байқау бөлімдері:
1. Сәлем-сөздің анасы
2. Ас-адамның арқауы
3. Өнерлінің өрісі кең
4. Ата салтың-халықтық қалпың
5. Сұрақ-жауап
Байқаудың барлық бөлімдері бойынша әжелер мен немерелер өздерін жақсы қырларынан көрсетіп, салт-дәстүр түрлерін көрсеткенде бір-бірлерімен ұйымдасқан түрде көрермен ықыласына бөленді.
Байқауға қатысып, әжелер мен немерелер:
1. "Асыл әже, сүйкімді немере" атағын жеңіп алған 5 ә-сынып оқушысы Нұршаева Әйгерім мен Ұлжан әже
2.Бауыржанова Алтынай және Жанат әже
3. Құсайын Айдана және Жұмагүл әже
4.Бейсен Айша және Сұлушаш әже
5. Хангельдина Альнур және Ұлбосын әже