Бүгін, яғни 16-қаңтар күні І, ІІ ауысымда 16-қаңтарынан 26-қаңтары аралығына жоспарланған «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Ашылуға әр сыныптан оқушылар қатысты.
Әдеби монтажбен басталған салтанатты жиында «Ана тілің – арың бұл» атты көрініс көрсетілді. Қазақ тілі патшайымы образында қазақ тілі мұғалімі шығып, апталықтың жоспарымен таныстырды. «Қазақ тілі» әні орындалып, тіл туралы өлең шумақтарымен атақты жазушылардың даналық сөздері айтылды.