Мақсаты: 1-сыныптарда «Саяхат» ортақ тақырыптарын білім алудың әр саласында, әр пәнде өткізу арқылы үштілді меңгерген, өздігінен дамуға, жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыруға жетелеу. Міндеттері: -пәнаралық байланыс орнату; оқуға деген қызығушылығын арттыру; өз бетінше білім алуға жетелеу; шығармашылық қабілетін дамытуға жетілдіру көзделіп отыр.
16 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында мекетбімізде 1 сыныптарға арналған онкүндік өтеді. Бұл уақытта балалар әр түрлі іс-шараларға қатысып ертегілер әлеміне, кейбір сыныптарда қызықты ашық сабақтарға, сайыстарға қатысып өздерінің үш тілде білімдерін көрсетіп «Саяхат» жасайды. Ата-аналарыңмен бірге ән айтып, би билеуге, спорттық жарысқа да белсенді қатысуға мүмкіндіктері болады. Ал, ендеше іске сәт!