Тақырыбы: Ардақ тұтар аяулы аналар
Мақсаты: 8 наурыз мерекесі туралы мәлімет беру арқылы анаға деген махаббатын ояту. Жанұядағы бала мен ана арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Оқушылардың өнері дарындылығын дамыту. Адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың типі: Мерекелік кеш
Әдіс – тәсіл: Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгіме, жарыс
Көрнекілік: үн таспа, шар.
І.Ұйымдастыру кезең
-Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және де аяулы Аналар! Сіздерді көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған күн мерекелеріңіз, гүл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып,
“ Ардақ тұтар аяулы аналар ” деп аталатын тәрбие сағатымыз ашық деп жариялаймын!
Анаға арнап, ақ тілектер айтар күн,
Анаға арнап, сөзге жүйрік басшы сөзді бастар күн.
Бүгінгі күн мәңгі есте сақтар күн,
Бүгінгі күн ақ тілектер айтар күн,- демекші мен тағы да барлығыңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын!
Енді әр ананың ең басты қуанышы бала болғандақтан, ортаға сіздердің балапандарыңызды шақырамыз.
(Әдемі әуен қойылады, ал оқушылар жұп болып кіреді. Ұлдар қыздарды орындарына отырғызып, өздері тұрып тұрады)
Мұғалім: Тербетіп таң атқанша бесігімді,
Үйреттің әр кез бол деп кешірімді.
Қолымнан келсе егер аяулы анам,
Аспанға жазар едім есіміңді, - дегендей әр бала өзінің анасына деген махаббатын өлең жолдары арқылы білдіргілері келеді.
Ендеше ортаға сол оқушыларымызды шақырайық. Қабыл алыңыздар!
1 Оқушы: Даурен
Сіз ғой тербеп өлеңді,
Сіз ғой жанға күй берген.
Мен адалдық дегенді
Сізден, ана, үйренгем.
2 Оқушы: Дамир
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын
Жүрегіме жүрегіңді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту арманым.
3 Оқушы: Жандос
Жан анам, қартайдым деп қайғы жеме,
Ажары ақ бетімнің тайды деме.
Ұл – қызың жұлдыздардың алабында
Көлеңке түсірмейміз қабағыңа.
4 Оқушы: Әлішер
Бойға қуат береді,
“Әй жарайсың!” дегені
Мен анамнан әр кезде
Соны естігім келеді.
5 Оқушы: Мирас
Ойнаймыз, күлеміз,
Жарқылдап жүреміз.
Ананы сыйлаймыз
Айтқанын тыңдаймыз.
6 Оқушы: Жарас
Ыстығыма күйетін де сіз, ана,
Суығыма тоңатын да сіз ғана.
Ана, жаны дариядай кең екен
Ана, жаны сарқылмайтын кең екен.
Мұғалім: Бәрі жақсы ананың
Бірақ, әрбір баланың.
Өз анасы бөлек – ау,
Барлығы да керек – ау- дей отырып, бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға келген аналарымызды да қатыстырып отырайық.
Ортаға аналармызды шақырамыз.
1-Тапсырма: «Іңгә- іңгә» деп аталады!
Яғни, Аналарға өз балаларын тапқызу. Ананың көзін байлаймыз. Баласы : «Іңгә- іңгә» деп жылаған дыбыс шығарады. Ана дауыс арқылы өз баласын табу керек.
Мұғалім:
Ән көңілдің - ажары,
Күлкі өмір – базары! дегендей бір күліп алайық. Тамашадан үзінді .
2 -тапсырма
«Кімдікі дұрыс?» Ана мен бала ортақ сұрақтарға жауап жазады. 1.Ананның әкесінің аты?
Мұғалім: Оң саусағы майысып,
Биші болар мекенсің – деп ортаға бишілерімізді қарсы аламыз.
Би «Вальс»
3 -тапсырма
«Мақал – мәтел» сайысы. ( оқушылар анаға, қызға, әжеге, әйелге байланысты мақал айтады)
4- тапсырма
«Ең әдемі» сайысы (Балалар аналарымен бірге бір сурет салулары керек, және оны сипаттау )
Мұғалім:
Ару - Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сіздер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сіздер үшін мереке шашулары, -
Күй шырқалар бақытымен, бағымен – Дауреннің орындауындағы тамаша күйді қабыл алыңыздар .
5- тапсырма «Ең сұлу» сайысы
Аналары мен балаларына шар, фламастер, шарф таратылады. Сайыс негізі шарды үрлеу, фламастер мен көзін, қасын, мұрын, аузын салу, көркемдеу, шарфты байлау.
Мұғалім:
Ата- аналар балаларыңыздың тілектерін қабыл алыңыздар! (ортаға барлығы шығып) “Бақыт, ашық аспан, денсаулық, өмірдегі бар жақсылық” деп аналарына дайындаған сыйларын апарып, аналарын ортаға алып шығу.
Барлығы шеңбер болып тұрады.
Сосын балалар хормен “Аман – сау жүріңіздер!” (сосын орындарына қайта отырады)
Ұлдар сынып қыздарын құттықтайды. Сыйлықтарын береді.
Қорытынды.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.
Келгендеріңізге көп – көп рахмет!
Сөз кезегі ата – аналарға беріледі. (Бір атанаға сөз берейік)