Жамбыл жалпы орта білім беру мектебінде 4 сынып оқушыларын бастауышпен қоштасу кеші ұйымдастырылды. "Шуағын төккен 4 көктем" деп аталатын шараға 4 - сынып түлектері ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар қатысты. Жұмағали Сұлтанбек, Мұрат Аийна, Мәлік Сейсен, Адракова Нұргүл, Темірхан Алина биылғы 4 сыныптың түлектері. Осы оқушыларға 4 жыл бойы білім беріп, тәлім-тәрбие үйреткен ұстаздары Қамар Жангереевна, Айнаш Темірбаевна, Әлібек Қапшықович және снып жетекшісі Бектасова Сауле Шәріповна. Мектеп директоры С.С Кенжегузина 4 - сынып оқушыларын бастауыш сыныпты аяқтауларымен құттықтап өтті. Оқу ісінің меңгерушісі Қамар Жангеревна үлгілі тәртібі және үлгерімі үшін оқушыларды марапаттап, өзінің құттықтау сөзін білдірді. Оқушылар өздері дайындаған концерттік номерлерді ортаға салды. Адракова Нұргүл үнді биін, Мұрат Аийна "Айым бекен ай" әнін, жалпы сынып флешмоб биледі. Мәлік Сейсен "Қазақстан", Жұмағали Сұлтанбек "Жаса қазағым" әндерін орындады. "Шуағын төккен 4 көктем" бастауышпен қоштасу бағдарламасы сәтті өткізілді.