Гимназияда 19 мамыр күні «Бастауыш мектеппен қоштасу» мерекесі салтанатты түрде өтті. Мұғалімдер, ата-аналар мен қонақтар болашақ бесінші сынып оқушыларын мерекемен құттықтады. Төрт жыл бойы оқушылар білімнің қиын жолдарынан көтерілді. Санауға, оқуға, достаса білуге үйренді. Балалар есейіп, көп нәрсеге үйренді. Әр оқушы бойында мектептің алғашқы жылдары мен алғашқы ұстазы туралы жылы естеліктер қалады. Гимназия директоры Т.К.Крылова жас мектеп бітірушілерді құттықтап, білім жолдарына ақ жол тіледі. Ақ жол болсын, болашақ бесінші сынып оқушылары!!! Биік шыңдардан ғана көріне беріңдер!