18 мамыр күні мектептің акт залында «Қош бол, 1 сынып» мерекесін өткіздік. Балалар ай қонағына жыл бойы нені үйренгендері туралы айтып, тақпақ оқыды, өлең айтты, би биледі. Алғашқы оқу жылы – бүлдіршіндер үшін ең қиын, бірақ балалар білімнің алғашқы табалдырығынан ойдағыдай өтті. Әр оқушы белгілі бір жетістікке жетті. Мереке соңында директордың орынбасары А.К.Серова оқу жылын үздік аяқтаған оқушыларды марапаттау қағаздарымен марапаттады.