"Туймаада" олимпиадасы халықаралық олимпиадалар арасында ең бір қиын да қызықты, беделді олимпиада болып саналады. Биылғы жылы бұл олимпиадаға Ресей, Сингапур, Индонезия, Румыния,Қазақстан командалары қатысты. Олимпиадаға қатысушы командалар өз жерлерінде мықты іріктеуден өтеді. Деңгейі жоғары оқушылар қатысады. Осы олимпиадада мектебіміздің 11-сынып оқушысы республикалық, халықаралық олимпидалардың жеңімпазы болып жүрген дарынды оқушы Мейрам Серікболсын қатысып І дәрежелі диплом мен Алтын медальмен марапатталды.Білім додасында Серікболсын Ресей, Сингапур сияқты алып мемлекеттермен қатар көрсеткіш көрсетті. Күннен-күнге қабілеті ашылып, сайыстарда шыңдалып келе жатқан Серікболсынға алар асуларың әлі де алда, бағындырар биіктерің бұдан да жоғары дейміз. Серікболсын еліміздің намысын халықаралық деңгейде қорғап, Қазақстанның байрағын биіктен желбіретті. Серікболсынды олимпиадаларға даярлаған республикаға танымал мұғалім Тердікбай Күшай мен Серікболсынның әкесі мектебіміздің жоғары санатты математика пәні мұғалімі Хазез Мейрамды ерекше құрмет тұтамыз.