Денсаулық құпиясының бірі – спорт
Астана қаласының № 58 мектеп-гимназия ұжымын 10 жылдық мерей тойымен құттықтай отырып, білімнің даңғыл жолында толағай табыстар тілейміз!!!
Осы орайда, Астана қаласының № 58 мектеп-гимназиясының 10 жылдық мерей тойы қарсаңында өткізілген баскетболдан 2005-2006 жылғы ұлдар арасындағы жарыста І орынға ие болып, жүлделі оралған Астана қаласы № 61 орта мектебінің ұлдар командасын жетістіктерімен құттықтаймыз!!! Барлық қатысушы топтарға алғыс айтамыз.
«Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты» деген ұранды желеу еткен ұлдар командасының биіктерден көріне берсек деген арманы бар.
Астана – армандар орын алатын қала!!!