Қыркүйектің 18 жұлдызында Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық орта мектебінде 21 ҚР халықтарының Тілдері, 22 Мемлекеттік Тіл күніне орай «Тіл – достық құралы» тақырыбында апталықтың ашылуы өтті. А. С. Сатыбалдина мен Ә. А. Тукееваның ұйымдастырылуымен ашылған апталықта оқушылар үш тілде қазақ, орыс, ағылшын тілінде, өлеңдер оқыды. Болат Томирис «Күн әлемі» өлеңін үш тілде шырқады. Жауапты мұғалімдер призентациялар дайындап, ҚР халықтарының тілдері, Ассамблея жайында мәліметтер айтты. Соңында апталықтың жоспарымен таныстырып өтілді.