Әдістемелік кеңес барысында мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Кусаинова А.С. әдістемелік бірлестіктің жұмысына есеп беріп өтті. Ағылшын тілі мұғалімі Алькеева А.Т. мен бастауыш сынып мұғалімі Тлеужанова А.Д. қалыптастырушы бағалау жұмыстарын жұргізу, кері байланыс жасау туралы өз тәжірибелерімен бөлісті.