5 сәуір күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» ХІ қалалық педагогикалық олимпиадасына мектебімізден қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімі Тлейхан Мəншүк қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Тлейхан Мәншүк өз есімін батыр Мəншүк рөлімен сомдап, ұстаз Мəншүкті білім кеңістігіндегі жаңаша, ұшқыр ойларымен көрсете білді. Астана қаласының 20 - ға жуық мектептерінен қатысқан жас мамандарының ішінен жүзден жүйрік атанды. Жас маман Тлейхан Мәншүкті жеңісімен құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!