Маусым айының 15 күні "Қош бол, алтын ұя мектебім!" атты мектеп бітіру кеші өтті. 2017-2018 оқу жылында 11 түлекорта мектепті бітіріп шықты. Оның ішінде 1 алтын белгі иегері бар. Ол Кенжебаева Индира Серікқызы. Кеш мектеп директоры С. Т. Манованың құттықтау сөзімен ашылды. Өз сөзінде ол еліміздің білім саласында болып жатқан оң өзгерістер жайлы айтып, түлектердің болашақта мемлекетіміздің дамуына үлестерін қосатындығына сенімін білдірді.
Мектеп мұғалімдері мектеп қабырғасында түрлі өнерлерімен көзге түскен түлектерге түрлі номинациялар берді, мәселен, "Дарынды актер", "Білекті палуан", "Поэзия майталманы", "Әнші бұлбұл", т.б.
Ата-аналар аяулы ұстаздарға, шәкірттерге өз тілектерін айтты.
Салтанатты жиында оқушылар мұғалімдерге жылы лебіздерін айтып, ал мұғалімдер оқушыларға ақ жол тілеп, алға қойған мақсаттарына жететіндеріне сенімдерін білдірді.