Өз халқының және өзге халықтардың мәдениетін танып - білуге бағыттау, оқушыларды музыка жанрын түсініп білуге баулу, спорттық би өнерінің қыр - сырын үйрету мақсатында 9 -10 сыныптардан құралған командалары арасында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» тақырыбында би байқауы болып өтті. Нәтижесінде І орынға лайық деп танылған командалар болмағандықтан, ІІ орынды 9 «А», «Б» сыныптары бөліссе, ІІІ орынды 9 «Ә», 10 «Ә», «Б» өзара бөлісті.