Меню KDT

Новости социально-деловых сетей регионов

50 мыңнан астам қазақстандық педагог біліктілік тестілеуінен өтті

09.11
0
Елбасы тапсырмасы: «Педагог мәртебесі» туралы заң жобасын дайындау басталды Еліміздің барлық өңірінен 51 271 мұғалім «педагог-сарапшы», «педагог-зерттеуші», «педагог-модератор», «педагог-шебер» санаттарын алу мақсатында тестілеуге қатысып, жақсы нәтижелер көрсетті. Орта білім беру ұйымдарының педагогтары Ұлттық біліктілік тестілеуін 36 ЖОО, 2 колледж және 27 мектепте ұйымдастырылған пунктілерде тапсырды. 34 185 педагог тестілеуді сәтті тапсырды, оның ішінде: «педагог-модератор» - 10346 (72%), «педагог-эксперт» - 12215 (65%), «педагог-зерттеуші» - 10957 (65%) және «педагог-шебер» - 667 (53%). Өткен тестілеумен салыстырғанда қараша айындағы тестілеуде шекті деңгейден өткен педагогтардың саны артқанын байқауға болады. Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижесінде мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты өседі. Ұлттық біліктілік тестілеуі - сұрақ кітапшасы мен жауап парағын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын кешенді тестілеу. «Оқу әдістемесі мен педагогика» модульдері бойынша әзірленген сұрақтардың 70 пайызы пәндік білімге және 30 пайызы педагогика мен әдістемеге бағытталған.        




Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное