Біздің Отанымыз - Қазақстан. Қазақстан Орта Азиядағы тәуелсіз ең үлкен мемлекет. Қазақстанды басқа елдерден өзгешелеп тұратын өз рәміздері: айбынды туы, мәнерлі әнұраны, айшықты елтаңбасы және мемлекеттік тілі бар. Сонымен қатар Қазақстанның асқақ та әсем астанасы соңғы жылдары көркейіп, ең көрікті әлем астаналарының біріне айналуда.
Тәуелсіздік мерекесіне орай Астана қаласының 20 жылдығына арнап 8 «г,д,е,ж,з»- сынып оқушылары акт залында үлкен іс-шара өткізді. Іс-шара Астана қаласының тарихы туралы «Қызықты викторинадан» басталды. Оқушылар Астананың көрікті жерлері және астана жетістіктері туралы өз білімдерін ортаға салды. Іс-шараға 8-11-сынып оқушылары қатысты.