1 қыркүйекте 6 жасқа толмаған балалар мектепке бара алады - БҒМ 2019 жылғы 19 ақпан 13:43 11557 Бөлісіңіз: АСТАНА. ҚазАқпарат - 0-сыныптың мәні мен мақсаты - балабақшалардағы даярлық топтарына бірыңғай бағдарламалар мен оқулықтарды енгізу. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР СҚО-да биыл үш ауысымдық мектеп мәселесі толық шешіледі Алматыда 8 жаңа мектеп салынады Биыл Қызылордада апаттық мектептер мәселесі толықтай шешіледі ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің хабарлауынша, мектепалды даярлық сыныбын (0-сынып) енгізудің мәні өте қарапайым. Басты мақсат - балаларды бірінші сыныпқа бірыңғай бағдарлама бойынша дайындау. Оның ішінде бірінші сынып бағдарламасының бір бөлігінің (сандар мен әліпби) 0-сынып бағдарламасына ауысуы, сондай-ақ тәрбиешілердің дәрежесін бастауыш сынып мұғалімдерінің дәрежесіне дейін жеткізу. 0-сынып үшін бірыңғай бағдарлама мен оқулықтарды енгізу 2020 оқу жылының қыркүйегіне жоспарланып отыр. Атап айтқанда, бүгінде 0-сынып - балабақшадағы даярлық тобы. «Егер де мектептің өз ғимаратында 0-ші сынып ұйымдастыруға мүмкіндігі болса, оған толықтай құқығы бар. 0-сыныпты енгізу құқығынан балабақшаларды ешкім айырған жоқ. Осылайша, 2020 жылы еліміз бойынша барлық мектептер мен балабақшаларда 0-сыныптар ашылады. Алайда қолданыстағы Білім туралы заңнамада балаларды 6 жастан 1-сыныпқа баруға міндеттейтін норма бар. Заңның аталмыш нормасына өзгеріс енгізіледі», - делінген министрлік хабарламасында. 2019 жылы, яғни былтырғыдай 1 қыркүйекте толық 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа бара алады. 1 қыркүйекке дейін 6 жасқа толмаған балалар ата-ананың қалауымен мектепке бара алады немесе балабақшада қалуына болады. 7 жасар балалар да бірінші сыныпқа қабылданады. «Егер де бала мектепалды даярлық сыныбының бағдарламасын балабақшада меңгерсе, мектепте оны қайта оқи алмайтындығын және 1-сыныпқа баруы керектігін ескеруіміз қажет»,- дейді министрлік өкілдері.