Бүгінгі күн ерекше күндердің бірі болды. Себебі бұл күні Қожаберген жырау атындағы #6 орта мектебінде кішкентай бүлдіршін Нұржан Расулдың еміне көмек көрсету мақсатында "Мейірім шуағы" атты қайырымдылық көрмесі мен концерті өтті. Бұл қайырымдылық шарасына мектебіміздің ұжымы, ата-аналары мен оқушылары белсенді қатысып, қолдан келген көмектерін көрсетті. Кішкентай бүлдіршін Нұржан Расулға зор денсаулық тілейміз! Алла шипасын берсін!