1-мамыр Халықаралық бірлік күніне орай 3-сыныпта «Қазақ елі-татулық мекені» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға Отан, еліміздің ынтымағы жарасқан ұлттар достығы туралы түсінік беру; бірлікке, достыққа, ынтымаққа тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар «Ақ көгершін»,«Дос болайық бәріміз» әндері айтылып, ойындар ойналып, өлеңдер оқылды.