26 сәуір күні Мамлют ауданының өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша «Жас құтқарушы» клубтарының (үйірмелерінің) спорттық дайындықты дамытуға бағытталған және өрт сөндіру-құтқару спортын насихаттау, ең мықты спортшыларды анықтау мақсатында аудандық жарыс өтті. Біздің мектебіміздің АӘД ұйымдастырушысы А.Д. Менжасаровтың жетекшілігімен 10-сынып оқушылары жоғары деңгейдегі дайындықтарының нәтижесінде жалпыкомандалық II орынға ие болды.