Мектеп дәстүрі бойынша оқушыларымыз ерте келді де ұстаздарды "құттықтаймыз" деген құттықтаумен қарсы алып, қуаныш сыйлай білді. Мектеп директорының бұйрығы бойынша жоғары сынып оқушылары сабақтарға дайындалып, ұстаздардан методикалық көмек алып, сабақтарын өткізді. "Ұстаздарым, думан болсын әр күнің" атты мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын өткізді. (Казиева А.Б., Байтишкина Ж.К., Айтмолдина А.С.) Жиынға ардагер ұстаздар шақырылды. Близнецов В.К., Жанмуханова Ж.А., Ильясова М.И., Ильясов Р.К., Жусупова З. Сүйікті ұстаздарына оқушыларымыз әндерін, тақпақтарын, билерін арнады.