Құрметті сынып жетекшілері
жəне мектеп психологтары!
Вирус бүкіл əлемді қамтуда. Мазасыздық пен дүрбелең
артуда.Барлығы өзіңізді жəне отбасыңызды қалай қорғау
керектігі жайында кеңестер беруде.
Бұл жағдайда,Қазақстан Үкіметі коронавирус инфекциясы
пандемия деп жариялануына байланысты арнайы алдын-алу
шаралары туралы халықтың ең осал санатындағы балалар
мен жасөспірімдердің психологиялық жағдайы үшін сіздерге қосымша жауапкершілік артылуда. Пандемия қаупінен
туындаған күйзелістік жағдай ауыр психологиялық жүктемеге əкеп соқпас үшін жəне балалардың алдағы кездегі психологиялық дамуына əсер етпес үшін керекті шаралар қабылдау
керек.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен 16
наурыздан-5 сəуірге дейін мектеп оқушылары үшін каникул
жарияланды.Демек,ата-аналарды төтенше жағдай кезіндегі
сауатты əрекеті жайлы қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету
керек.Бұл ретте олардың үрей сезімінің одан əрі дамымауын
қадағалау қажет жəне стресс əкелетін жағдаяттардан алшақ
болған жөн.
Басқалар бір-бірінің жүйкесін құртып,бір – біріне қорқынышты жаңалықтарды жіберп жатқан кезде – сіз өзіңіздің
отбасыңыз бен балаларыңыз жайлы ойлауыңыз қажет.
ҮРЕЙГЕ ТОҚТА ДЕҢІЗ!
Отбасылық
Тәрбиелеу Институты
МІНЕ, АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН БІРНЕШЕ
ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР
Балалар өте сезімтал жəне ата-аналардың эмоционалдық жағдайына жіті реакция танытатынын ұмытпау өте
маңызды болып табылады.
Егер ересектер өз-өздерін қолда ұстауды үйренбесе жəне
толқу мен дүрбелеңді таратуды доғармаса, кез-келген жастағы бала сөзсіз осы конструктивті емес жағдайларды «жұқтыруы» жəне ауыр эмоционалды жағдайға түсуі мүмкін.
ОСЫДАН: гуглдан жəне өздеріңізден аурудың
белгілерін іздеуді тоқтатыңыз. Мазасыздықты азайту
үшін,жаңалықтар мен əлеуметтік желілерді бақылауды да
тоқтату қажет.
СОНДЫҚТАН: құрметті ата-аналар,өздеріңізге қамқор болыңыздар,тəніңіздің жəне жаныңыздың жағдайына
көңіл бөліңіздер, сіздердің өмірлік күш-қуаттарыңыз балаларға аса қажет! Сіздерден артық оларға ешкім көмектесе
алмайды жəне қолдамайды. Үрейге бой бермеңіз,саналы
талдау қабілеттеріңізді жоғалтпай,БАҚ-дағы жаңалықтарды
дұрыс қабылдаңыздар.
Отбасылық Тәрбиелеу Институты №1 КЕҢЕС
МАҢЫЗДЫ: күйзеліс кезінде балаңызға ашуланбаңыз. Басқа адамдар сияқты сіз де басыңыздан қатты толқуды
өткіздіңіз. Күйзеліс сіздің əрқайсыңызды ашуланшақ,кезкелген сəтте «жарылуға» дайын тұрар жағдайға əкеледі.
ОСЫДАН: егер сіз үрейге бой алдырмай,балаңызға дауыс
көтермесеңіз,оған үлкен көмек бере аласыз.
СОНДЫҚТАН: ашу үстінде айтылған ауыр сөздерді
бала жүрегіне жақын қабылдайтынын ұмытпау қажет.Терең
демалу арқылы сабыр сақтай отырып,сізде əлемдегі барлық
адмдар секілде қобалжуда екеніңізді түсіндіру керек. Сондықтан, кез-келген қосымша күйзелістік жағдайлар қажет
емес. Қазір жақын адамдар бір-бірін аса қолдау қажет.
Отбасылық Тәрбиелеу Институты №2 КЕҢЕС
МАҢЫЗДЫ: баланың ұйықтау жəне/немесе демалу
уақытын тиімді ұйымдастыру ата-ана міндетінде екенін
ескеру маңызды
Бұл əсіресе төтенше жағдай кезінде балалардың қорқыныш
əсерінен ұйқысының бұзылуына əкеледі.Егер баланың ұйқысы қанбаса,күш-қуатының аздығынан күйзеліске қарсы тұра
алмайды.
ОСЫДАН: баланың түнгі ұйқысының қануына жəне
түскі уақытта ұйықтаса,оны да ескеру керектігін қадағалауға
ата-ана бар күшін салу керек.Баланың ұйқысының қануы
үшін терезені ашып, бөлмені желдету,ыңғайлы киім
кию(мысалға:кез-келген түнгі киім,əдеттегі бөлме жарығы).
Демалуға қатысты баланың айналысатын істерінің түрлерін
де өзгертуге болады жəне ол балаға демалыс болып табылады.Карантин жағдайы,сізге балаңызбен көбірек уақыт өткізуге мүмкіндік береді. Онымен əртүрлі үстел ойындарын
ойнауға,мультфильмдер мен фильмдерді тамашалай отырып-
,талқылауға мүмкіндік береді.
СОНДЫҚТАН: толыққанды ұйқы мен демалыс сіздің
балаңыздың физикалық жəне психологиялық жағынан дені
сау болуы маңызды екенін ұмытпаңыз.
Отбасылық Тәрбиелеу Институты №3 КЕҢЕС
МАҢЫЗДЫ: балаңызға толыққанды дұрыс тамақтануды қамтамсыз етіңіз.
Дұрыс тамақтану- күйзеліс кезінде,əсіресеі бала үшін өте
маңызды.
ОСЫДАН: тамақтану мөлшері теңдестірілген болуы
қажет.Баланы ынталандыра отырып,жемістер,көкөністер,көкжелкен мен дəнді дақылдар арқылы тамақтандыру
қажет. Алайда,қазіргі балалардың көпшілігі көкөністі ұнатпайды,жемістің орнына пайдасыз кəмпиттерді жəне сол
сияқты азық-түліктерді ұнатады.
СОНДЫҚТАН: үйге жемістер мен көкөністерді əкелу
жеткіліксіз,баланың көмегі арқылы солармен əртүрлі қызықты тағамдар дайындау керек. Онымен қоса жемісжидектерден əртүрлі пішіндегі қызықты сұлбалар жасау
(карвинг) үшін сіздерде уақыт та пайда болды. Бұны жасау
себебіміз,балаларға əртүрлі пішінді жемістер əлдеқайда
қызықтырақ.
Отбасылық Тәрбиелеу Институты №4 КЕҢЕС
МАҢЫЗДЫ: Ата-аналардың балаға қолдау мен
мақұлдау көрсетуі қажет. Дəл стресс кезінде бала əдеттегіден
көбірек қолдау мен мақұлдауды қажет етеді. Əкесі мен анасы
оны құшақтап , сүйіп , мақұлдап арқасынан қаққанын , т.б
қалайды.
ОСЫДАН: "күніне 8 құшақтасу" тұжырымы осы
жерде бұрынғы кезден бетер маңызды. Кез келген мүмкіндікті
пайдаланып , баланы мақтаңыз. Əрбір бала оның ата-анасы
оған үнемі көмекке келуге жəне қолдау көрсетуге дайын
екенін көрсетуі керек. Одан өзіңізге көмек көрсетіп , қолдау
жасағанын өтініңіз. Бұл оған өзін сіздің сүйенішіңіз ретінде
сезінуіне мүмкіндік береді.
СОНДЫҚТАН: Қай жастағы бала болмаса да,
мейірімді, тактильді жанасулар санын барынша көбейтіңіз.
Бұл тек құшақтасу ғана емес, түрлі классикалық ойындар
(бала өсіп кеткені, ештеңе етпейді), қолмен жасалатын массаждар жəне т.б
Отбасылық Тәрбиелеу Институты №5 КЕҢЕС
МАҢЫЗДЫ: Балалар ішіндегісін сыртқа шығарғысы
келгенде, ата-ана оны тыңдауға дайын болуы керек. Егер бала
қандай да бір өзін алаңдатып тұрған мəселені талқылау
кезінде көмек қажет етсе, оларға ашық сұрақтар қою маңызды
(яғни тек қана "иə" немесе "жоқ" деп емес, толық жауап беретіндей сұрақтар қою керек).
Стресс туғызатын фактордарды талқылау, баланың
хабардар болуын жоғарылатады. Сондай-ақ, ата-ана өзінің
қандай да бір стресстік жағдайдағы іс-əрекетімен жəне сол
кездегі түрлі уайым сезімдерімен бөлісуге дайын болуы
керек. Себебі, бұл балаға өзінің сезімінің қалыпты жəне табиғи екенін түсінуге көмектеседі.
ОСЫДАН: Келесі ашық сұрақтар мысалын қолдануды
өзіңізге əдетке айналдырыңыз: "Сен ..... туралы не ойлайсың?,
"Сен мына жағдайға ...... байланысты қандай сезімдесің ?",
"Жақтауға жəне керісінше 3 дəлел келтір", " Сен маған бұндай
жағдайда не тілейтін едің?"
Сондықтан: Ендігіде баланы "есту жəне тыңдау"
біздің міндетіміз. Сөйлесеміз, талқылаймыз, тыңдаймыз,
ойын бөлмеймін, ақылдасамыз.
Отбасылық Тәрбиелеу Институты №6 КЕҢЕС
МАҢЫЗДЫ: балаларға демалу дағдыларын үйренуге
көмектесіңіз.
Демалыс дағдыларын қолдану –күйзелістен туындаған
қобалжудан құтылудың бір жолы. Демалыс дағдыларың
балаларға үйретуге болатын əртүрлі ерекше əдістері бар.
ОСЫДАН: сумен,құммен ойындар,йогамен айналысатын видеоларды іздеңіздер. Сондай ақ, ырғақты тыныс алу
жаттығуларын жасау өте пайдалы,себебі күйзеліс пен қобалжу кезінде тыныс алу өте қатты жиілейді. Соған байланысты,
үй жағдайында жасалатын сабынды көпіршіктердің ескі
рецептісін еске түсіреміз,себебі оларды үрлеу релаксацияның
өте тиімді түрі болып табылады. Сондай -ақ,көңілді жəне
жайбарақат кездерді еске алу пайдалы(мысалы,жазғы ойындар немесе қыдырулар)
СОНДЫҚТАН: балалармен бірге карантин уақытын
рахаттана демала отырып өткізген жөн.
Отбасылық Тәрбиелеу Институты №7 КЕҢЕС
Балаларды күнделікті режиммен немесе кестемен
қамтамасыз етіңіз.
Балаларға болжамдылық қажет. Егер олардың тамақ
ішу, үй тапсырмасын орындау, ұйқы жəне т.б істерге уақыты
белгіленген кестесі болса, оларға өмірден не күтуге болатынын анықтау жеңіл болады. Бұл , өз кезегінде , оларға өзін
қауіпсіз сезінуге көмектеседі жəне стресс деңгейін төмендетеді.
ОСЫДАН: Бұл əсіресе каникул кезінде маңызды.
Балаңыз қашан жəне немен айналысады , соны ойланыңыз.
СОНДЫҚТАН: Балаңызбен бірге отырып , карантин
уақытындағы əрбір отбасы мүшесінің менталды картасын
жасаңыз. Бұл əрі қызықты, əрі пайдалы іс ол жағдайды біршама тəртіпке келтіруге көмектеседі. Бірақ, алдын ала түрлі
түсті қарындаштар жəне фломастерлер алып алыңыз. Сонымен қатар, үйдегі барлық жазуға жəне сурет салуға арналған
құралдарды ретке келтіріңіз.
Отбасылық Тәрбиелеу Институты №8 КЕҢЕС
МАҢЫЗДЫ: Бала өзіне ұнайтын іспен айналысуын
қадағалаңыз. Балалар өзіне шамадан тыс күш түсуін
сезінгенде, ата-аналар оларға ұнайтын іспен айналысуға
(мысалға , спортпен айналысу, музыка тыңдау, ойын ойнау,
сурет салу, оқу, үй жануарымен ойнау, т.б) түрткі болу керек.
ОСЫДАН: Орындайтын іс-əрекеттер жағымды болуы
керек жəне стресс деңгейін төмендетіп, болып жатқан жағдайдан көңілін аудартуы қажет.
СОНДЫҚТАН: "Бір апта ішіндегі 100 жанға жайлы
іс", " Мен не қалаймын" немесе "Бүгін менімен болатын төрт
қуаныш" немесе осыған ұқсас тізім жасау. Рақатты, жанға
жайлы сезімді күтудің өзі де рақат сезім.
Отбасылық Тәрбиелеу Институты №9 КЕҢЕС
МАҢЫЗДЫ: Бала үнемі физикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз. Күнделік ті орындалатын физикалық жаттығулар - стресспен күресудің жақсы тəсілі. Ең алдымен , ол
бала ағзасында жиналатын қысым мөлшерін төмендетуге
көмектеседі. Екіншіден, жаттығулар ол - физикалық жүктеме,
ол баланың ағзасына стресспен күрес кезінде тиімдірек болады. Ақыры физикалық жаттығулар алдануға жəне ми тынығуына көмектеседі.
ОСЫДАН: Қазіргі балалар ұмытқан барлық мүмкін
ойындарды еске түсіреміз. Сондай-ақ , егер ата-анасы спорттық жаттығуларды үнемі бірге орындаса немесе белсенді
ойындарды бірге ойнаса балалар құлшынысы артады. Сондай-ақ, егер де физикалық жаттығулар үнемі орындалмаса
өзінің стресске қарсы күресте тиімділігін жоғалтатынын
ескеру қажет.
СОНДЫҚТАН: Балаңыз қандай жаттығумен айналысатыны соншалықты маңызды емес. Маңыздысы оған ұнауы.
Отбасылық Тәрбиелеу Институты №10 КЕҢЕС
МАҢЫЗДЫ: Өзіңді қоғамнан оқшауламауың керек.
Тіпті еріксіз қоғамнан оқшаулану кезінде де достарыңмен
телефон арқылы немесе видео байланыс арқылы хабарласып
отырыңыз.
ОСЫДАН: Балаңызға үнемі ата мен апаларына, басқа
да туыстарға , достарына хабарласу керек екенін еске салып
отырыңыз, хабарласқан кезде көрген фильм туралы немесе
өзіне ұнаған ойынды ойнауға кеңес беру туралы сөйлесуге
болады.
Сондықтан: Сөйлесуге себеп табыңыз. Кішігірім
скайп-кездесулер, видео арқылы хабарласу ұйымдастырыңыз
Отбасылық Тәрбиелеу Институты №11 КЕҢЕС
СӨЗ СОҢЫНДА,
Қазір əркім əртүрлі психологиялық тұрғыдан күмəнді
кеңестер таратуда.
Көптеген адамдар əдейі дүрбелең орнатуда. Кез келген ақпаратты алған кезде, ата-аналар өте мұқият болуы керек.
Егер де сіздер, құрметті сынып жетекшілері жəне мектеп
психологтары осы айтылған кеңестерді ата-аналарға
жеткізсеңіздер , оларға тек қана вирустың пандемиясына
байланысты орнаған жағдайдан сəтті өтуге ғана көмектесіп
қоймайсыз. Сондай-ақ, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтасыздар.
Отбасылық
Тәрбиелеу Институты