«Шал ақын ауданының Приишимка орта мектебі» КММ барлық сынып оқушыларымен қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналаған «Абай ликирасы» атты сурет көрмесі өтті.
Мақсаты
–Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп оқуға. Көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.
Ағымдағы жылдың басында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласын жариялады. Онда: Абай Құнанбайұлының ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғандығын, Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланғанын атап өтті.
Биыл ұлы ойшыл, әлем таныған кемеңгер Абайдың туғанына 175 жыл. Осыған орай мектеп оқушыларымыздың туындыларын көрермен назарына ұсынып отырмыз. Аталмыш көрмеде Абай порттерінен бөлек, ақынның шығармаларына арқау болған тақырыптарды ашатын өнер туындыларын көруге болады.
Орындаған: қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі: Муканова А.С.
Узбекова К.Т.