Бүгін Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектеп мұғалімдерімен «Өрлеу» БА ҰО» АҚ ПҚБАИ білім беру процесін педагогикалық –психологиялық қолдау кафедрасының аға оқытушысы, білікті маман Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлы «Қашықтан оқыту кезінде берілетін үй тапсырмасының түрлерін ұсыну және оны бағалау» тақырыбында онлайн вебинар өтті. Вебинарда үй тапсырмаларының түрлері туралы айтты. «Адам сенгісіз ақпарат жинау», « оқушыны зерттеуге бағыттау», « ғылыми жобамен айналысуға бағыт беру», « дұрыс сұрақ қою», «сұрақтың түрлері: ашық, логикалық, шығармашылық және сыни сұрақтар» тоқталып өтті. Ақпарат әрі маңызды, әрі қызықты болды. Конструктивті білім беру, яғни оқушылардың баға алуы үшін емес, білімге, білімді болуға назар аударуына көңіл бөлу сияқты осындай кең ауқымды мәселелерге тоқталып өтті. Вебинарда оқытуда үй тапсырмасын бағалау туралы да айтып өтті. Мектеп мұғалімдері өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алғандарын айтып, ризашылықтары мен алғыстарын білдірді.