Онлайн сынып сағаты
Бүгін яғни 30 сәуір күні 7"ә" Сынып жетекшісі Жұбатқанов Әділбек Амантайұлы 1 мамыр күніне арналған "Бірлік пен келісім" атты онлайн ашық сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Мұғалім: «Бірлік бар жерде бақыт бар»
«Ынтымақ-достық кепілі»
Отан - әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды.Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос- жаранымыз бен тұратын еліміз.
Біздің Отанымыз- Қазақстан.
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.Еліміз өз егемендігін, тәуелсіздігін 1991 жылы 16 – желтоқсанда алды.