Құрметті ұстаздар мен ата -аналар!
Қымбатты оқушылар!
Қымбатты ұстаздар, ата - аналар, қадірменді қонақтар, оқушылар!
Сіздерді 1 қыркүйек - Білім күнімен дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймын.
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі!
Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.
Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін!
Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Биылғы жылдың ерекшелігі - ҚР білім беруді дамытудың 2020 - 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада баршамызға білім беру сапасын арттыруға үлкен міндеттер жүктелді. Сондай - ақ, мемлекеттік бағдарламада педагог беделін көтеруге ерекше көңіл бөлінген. Еңбекақыны өсіру, мұғалімнің имиджін арттыру, біліктілігін көтеруге іс - шаралар жоспарланған.
Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Құрметті оқушылар!
Көпшіліктеріңіз үшін қыркүйекте жаңа оқу жылы басталып, мектеп табалдырығын аттадыңдар. Баршаңызға табыс, сәттілік, оқуда озат болуларыңызды тілеймін. Оқу оқып, қызық өмір сүріңіз!
Жаңа оқу жылыңызбен!
Изгі тілекпен, мектеп директоры Бауыржан Қапарұлы Жаркенов