А.Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейінің биылғы 2020 – 2021ж жаңа оқу жылында 164 бала алғаш рет табалдырығын аттады. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты 1-қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілмегенімен, 1- сынып оқушыларына тәрбие сағаттары жүргізілді. Білім күніне арналған тәрбие сағаттары, конституция туралы, мемлекеттік рәміздер туралы, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармалары турасында өтті. 1-сыныптарды қабылдау барысында карантин талаптары толығымен сақталды. Оқушылар мектепке медициналық маскамен келді. Ережеге сай 2 метр ара қашықтық сақталды. Оқушылар мектепке дезинфекциялық туннель арқылы кірген соң, мектеп медбикесі оқушылардың дене қызуын тексерді. Барлығы 6 сынып, кезек бойынша мектепке кіргізілді.