Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар!
Сіздерді дәстүрлі Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталу мерекесімен құттықтаймын.
Адам өміріндегі сарқылмас қазына-ол білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгін барлық білім беру мекемелері есіктерін айқара ашып, білім нәрімен сусындауға келген Отанымыздың жастарын, бүлдіршіндерін құшақ жая қарсы алуда.
Құрметті қауым!
Бүгін тарыдай болып 1-ші сыныпқа оқушы атанып, мектеп табалдырығын аттауға бүлдіршіндер келіп отыр.
Аса қымбатты 1-ші сынып оқушылары! Сендер мектепте қызыққа толы өмір кешесіңдер, жан жақты білім аласыңдар, көп достар табасыңдар. Алғашқы қадамдарың құтты болсын. Мектепте тек қана жақсы және үздік бағалар алатын болыңдар.
Құрметті ата-аналар!
Білім саласында болып жатқан жахандандыру үрдісіне Сіздердің қатысуларыңыз ерекше маңыздылыққа ие болып тұр. Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде Сіздердің қолдауларыңыз, әрдайым назарларыңыз, оқу –тәрбие үрдісіне қатысуларыңыз маңызды шарт. Мына білім бәсекесі заманында бірлескен енбегіміз баларымызды білім шыңына жетелесін.
Құрметті ұстаздар!
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілеймін!
Ал оқушыларымызға осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңдар! Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар! Мереке құтты болсын!