Білім беру мекемелерінің педагогтары мен сынып жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы үшін жауапты кезеңнің бастамасы.
Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын! Бүгін мектебімізде 1-сыныптар үшін сынып сағаттары өткізілді. 2-11-сыныптар үшін сынып сағаты онлай форматта өтті.