2020-2021 оқу жылының алғашқы аптасы да басталып кетті. Апта басы әр сыныпта өткен сынып сағаттарымен толығуда. Мектеп табалдырығын енді ғана аттаған бүлдіршіндерден бастап, мектеп түлектеріне дейін «Білім күнінде» өткен сынып сағаттарына өзіндік үлестерін қосып жатты.
1-4-сыныптарда «Конституция – біздің болашағымыз», 5-7-сыныптарда «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз», 8-11-сыныптарда «Мамандық таңдау – ертеңді ойлау» тақырыптарында сынып сағаттары болып өтті.
3«Г» сынып жетекшісі А.Мукыжанованың сабағында «Ата заң – мәңгілік елдің берік тұғыры» атты презентация көрсетіліп қана қоймай, мектебіміздің музыка пәнінің мұғалімі Д.Кикимовтың Конституция күніне арнап шығарған өлеңінен үзінділер оқумен жалғасып жатты.
5-7-сыныптардың онлайн сынып сағаттарында көрсетілген слайдтар оқушылардың «сыбайлас жемқорлық» жайындағы білімдерінің тереңдей түсіп, әділ болып, өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарап, әр игі істің бастамасы болуды ұғындыра түсті.
8-11-сыныптар өз сабақтарында сан түрлі мамандықтардың ғана емес, Ұлы Абай атамыздың:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де – бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қаланының сырын терең ұғып, ойға түйген еді.