Бүгін, қыркүйектің 24-і күні Сарыарқа аудандық ішкі істер бөлімінің полиция капитаны Нургалиева Гүлден Есімқызы бастауыш сынып оқушыларымен және ата-аналарымен Місrosoft Teams платформасы арқылы тікелей эфирде Жолда жүру ережесі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар тәрбие ісі жөніндегі орынбасар Адиханова Жанар Ибадуллақызы баланың өмір қауіпсіздігін сақтауда ата-аналардың жауапкершілік танытуын, үйде ересектер жоқ кезде ток көздеріне қосылатын құралдармен абай болуын, өрт қауіпсіздігін сақтау ережелерін үнемі қаперде ұстауы керектігін айтып өтті.