5-22 қыркүйек арасында «Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп»КММ
Қазақстан халқы тілдер күні мерекесіне арналған тілдер апталығы өтті. Бұл апталықта іс-шаралар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.
Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері онлайн сыныптан тыс іс-шаралар өткізді.
Аубакирова Л.Е., Анафина Г.Ж қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Абай-дара,Абай –дана қазақта» атты онлайн іс-шара өтті.
Тлеубаева Д.Ж., Бақтыбаева К.К.,3 сыныптар арасында ««Мемлекеттік тіл -менің тілім» мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырса, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Укиенова Г.С.,Есенова А.К. ұйымдастыруымен «Тіл - халықтың мұрасы» атты іс-шараға 5 сынып оқушылары арасында танымдық онлайн ойын өткізілді. Сулейменова Г.Ж. 4 сыныптар арасында «Тіл білгірі» қашықтан сайыс өткізді. Апталық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ибраимова М.М. 7 сыныбында «Тіл-халықтың мұрасы » атты іс-шара өткізді.