«Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында идеялар мен жобалар фестивалі болып өтті
Қыркүйектің 21-і күні Өрлеу БАҰО АҚ филиалы СҚО бойынша ПҚ БАИ ұйымдастыруымен Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыбында идеялар мен жобалар фестивалі болып өтті. Онлайн фестиваль барысында қатысушылар Қазақстанда тілдерді дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, «ЖОО мемлекеттік тілді оқыту», «Латын графикасына көшу – болашақтың жарқын бағдары», «Мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясы», «Білім беру үдерісіндегі мемлекеттік тілді оқыту үдерісі», «Әлемдік тілдер туралы деректер», «Тілдерді білу – бәсекеге қабілеттілік талабы» тақырыптарында баяндамалар оқылып, жұмыс барысындағы тілді дамытуда жүргізіліп жатқан тәжірибелерімен бөлісті. Қазақ мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Адильшина Д.Т. қатысып, өз тәжірибесінен деректер берді. Фестиваль соңында қатысушылар Дипломдармен марапатталды.