Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерін құру таптырмас бастама болып отыр. Осыған орай «Бала құқығы — асыл қазына» тақырыбы аясында өзін-өзі ұсынушы оқушылар арасында шара өтті. Онда оқушылар өз бағдарламаларын ұсынып қорғады. Жеке ойларын айтып, ұсыныстарын білдірді. Әрине әр оқушының сайлау алды бағдарламасы өзекті әрі ерекше сипатқа ие. Олар ҚР балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктерінің ережесін насихаттауда белсінділік танытуға уағдаласты. Айта кетейік, Балалар өкілдіктерін құрудың негізгі мақсаттары: 1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау; 2) балалардың қоғам мен мемлекет өміріне қатысуының өзекті проблемаларын шешуге жәрдемдесу; 3) балалардың, қоғамның және мемлекеттің игілігі үшін балалардың әлеуметтік бастамаларын және балалардың қоғамдық бірлестіктерін қолдау.