Балаларды білім беру ұйымдарына тасымалдауды ұйымдастыру барысында олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобустарымен тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол – көлік оқиғаларының алдын алу.Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу мақсатында С.Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда республикалық "Қауіпсіз мектеп автобусы" науқаны өтуде. Жоспарға сай мынадай іс-шаралар ұйымдастырылды:
-"Мектептен үйге" күнделікке сызба сызу;
- "Жолда жүру ережесін ұмытпа!" кітаптар көрмесі;
-"Жол ережелерін сақтау" гимназия инспекторымен кездесу;
- "Жол жүру ережесін білейік, аман-есен жүрейік" бірыңғай тәрбие сағаттары ;