2020 жылдың 15 қазанында ZOOM платформасында «Ұлылыр мұрасы және заманауи білім» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің І Халықаралық форумның «Жастар санасының жаңғыруындағы ұлылырдың ағартушылық қызметінің құндылық негіздерінің көрінісі» тақырыбындағы секция жұмысы өтті. Жұмысты секция модераторы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Саурбаева Салтанат Бүркітқызы жүргізді.
Әдістемелік көпір түрінде өткізілген жұмысқа Түркі елі, Анкара қаласынан түркітаным орталығының директоры, түркі тілі қоғамының мүшесі, университет профессоры Ченгел Касапоглу Хулия ханым қатысып, қазақ халқының ұлылары мұрасының маңыздылығы жайында ой-пікірімен бөлісті. Өз сөзінде жастар тәрбиесіне ықпал ететін қазақ зиялылары, Алаш ұраншыларының еңбектеріне тоқталды. Мағжан Жұмабаев өлеңдерінің бүгінгі күні жастар үшін маңыздылығын ашып көрсетті.
Сонымен қатар, өз қоржындарындағы әдістемелік жұмыстармен бөліскен әріптестеріміз:
Жұмыс барысында қазақ тілі мен қазақ әдебиеті, кәсіби қазақ тілі пәндерін оқыту арқылы жастар санасы мен ойлауының жаңа моделін қалыптастыру мәселесі қарстырылды. Тыңдаушы ретінде кәсіптік және техникалық білім беретін ұйымдарының тіл мамандары, студенттер қатысты.