2020 жылдың білім күні мерекесі қарсаңында елордамызда №90 гимназия ашылып, өз жұмысын бастады. Гимназияның директоры Ербол Іргебай. Аталған білім ордамыздың ашылу күніне орай Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданының әкімі, қалалық білім бөлімінің басшылары келіп қатысты. Қазіргі уақытта пандемиялық ахуалға байланысты жоғары сынып оқушылары қашықтықтан оқып жатса, бастауыш сынып оқушылары кезекші сыныптарда білім алу үстінде. Гимназияның негізгі мақсаты – оқу тәрбие жұмыстарын ұлттық құндылықтарға сай жүргізу. Мектеп 900 балаға арналған, қазақ тілінде оқытылады. Тілдерді меңгеру мақсатында ағылшын және араб тілдерін басшылыққа ала отырып үйрету. Осы тұста Ахмет Байтұрсынұлы «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса , мектеп сондай болмақшы» дегеніне сай, мұғалімдердің өз жұмыстарын үлкен жауапкершілікпен орындайтынына кәміл сенеміз. Замана көшінен қалмай өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып білім нәрімен сусындатсақ, алатын белестеріміз көп болмақ.