12 қараша мемлекеттік тілде оқитын 5-10-сыныптары аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы» атты іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты: Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ақыннның ұлы мұраларын өскелең ұрпаққа насихаттау. Іс-шарада көрнекті ақын,ағартушы, ғұлама ойшыл, данышпан Ұлы Абайдың қазақ әдебиетінде алатын орны ерекше екендігі, бұл оның қазақ халқының данышпан ақын, жазу әдебиеті мен әдеби қазақ тілінің негізін салушы ғана емес, революцияға дейінгі кезеңдегі казақ мәдениеті тарихындағы ең ірі тұлға екендігі айтылды.
Оқушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқып берді , кейбір оқушылар Абайға арнаған өзі шығарған өлеңдерін жатқа айтты. Сонымен қатар, ақынның өлеңіне жазылған әндер туралы да сөз қозғалды. Оқушылар іс-шараға өте белсенді қатысты.