Өрнек мектебінің ауласында қар қаласының құрылысы аяқталды. Мектеп ауласының ортасында жаңа жылдық шырша, Аяз ата және Ақшақар мүсіндері пайда болды. Әсем шыршаның жанында қардан жасалған жаңа жыл мерекелерінің және мультфильмдердің кейіпкерлерінің мүсіндері пайда болды. Қарлы қалашықтың бас архитекторы спорт нұсқаушысы Сұлтан Ұ.Т. және бейнелеу өнерінің мғалімі Сейтзадинов К.К. қызметкерлері қатысты. Жыл сайын мектеп ауласын әшекейлеп, балаларға қызық әкелу, көңіл-күйлерін көтеру мектептің дәстүріне айналды. 27 желтоқсанда жаңа жылдық қарлы қаланың салтанатты ашылуы болды. Жаңа жылыңіызбен!