РЕПРОДУКТИВТІ ДЕНСАУЛЫҚ. ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ БОЙЫНША ОНЛАЙН ДӘРІС
Мектебіміздің 8-11 сынып ұлдары және қыздарымен 7-16 қазан аралығында "Репродуктивті денсаулық" тақырыбында жыныстық жетілу бойынша онлайн дәріс өтті. Дәріс барысында Нұрсұлтан қ. салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының дерматовенеролог дәрігері Бондарчук Оксана Викторовна жекебас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын жете түсіндіріп, жыныстық жолмен таралатын ауыру түрлері мен жолдарына ерекше тоқталып, ауыру белгілерін сипаттады. Дәріс соңында оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, толыққанды жауаптар берілді.