Қоғамдық сананы жаңғырту ұлттық бірегейлікті, мәдениетті, тарихты сақтауға, өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған. 2021 жылғы 16-17 ақпанда "Рухани Жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде "Рузаевка орта мектебі" КММ сынып жетекшілері 3-4 сынып оқушылары үшін "Өмірдің құны мен құндылықтары"; 5, 9, 11 сынып оқушылары үшін "Жүз жылда бір рет туатын ерекше адамдар (Қазақстанның ұлы адамдары)" тақырыптарында сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаттары викториналар, әңгімелер, бейнероликтер мен презентациялар түрінде аралас форматта өтті.