Жаңартылған білім жағдайында білім беру үдерісінің сапалы нәтижелеріне қол жеткізу үшін мектептің құзыреттілікке негізделген білім кеңістігін құру мақсатында 2021 жылдың 8-19 ақпан аралығында Мектеп және Өрнек ауылдарынан ресурстық орталыққа келген 8-9 сынып оқушыларымен мектеп психологы Нысанбаева Айнұр Қаирбайқызы «Жетістікке жету формуласы» атты тренингтер өткізді. Психологиялық тренингтің басты мақсаты: оқушылардың өзін өзі анықтай алуына, алдына қойған мақсатына психологиялық жағынан көмек беру, жас жеткіншектердің болашақта тұлғалық дамуына жол ашу.