Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау - әрбір азаматтың басты міндеті. 10.04-10.05 аралығында ұйымдастырылып отырған қалалық сенбілікке тазалықты жанына серік еткен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің "№78 мектеп-гимназия" КММ ұстаздары бір кісідей жұмылып, белсене қатысты. Көктем-жаңару мен тазарудың белгісі. Бүгін мектебіміздің ұжымы бір кісідей болып жиналып, қалалық сенбілікке ат салысты. Мектеп ауласын күл-қоқыстан тазартып, талдарды ақтап шықты. Тазалық-денсаулық кепілі екендігін ескере отырып, баршаңызды аулаларыңызды таза ұстауға шақырамыз!