2021 жылдың 5-16 сәуір аралығында «Жас келсе, іске...» атты жас мамандар онкүндігі өтті. Онкүндіктің мақсаты: Жас мамандардың жұмысқа дайындығын анықтау, психология, педагогика, сабақ беру әдістемесі мәселелері бойынша теориялық, ғылыми-әдістемелік деңгейін көтеру, қазіргі педагогикалық технологияларды, оқу жұмысының формалары мен әдістерін оқып үйрену мен меңгеруін ұйымдастыру, жұмысын ұйымдастыруда практикалық көмек көрсету.
Онкүндік басталған күні мектеп директоры Турсынова Сауле Нургалиевна, директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Зулкарнаева Жадра Темиргалиевна, тәлімгерлер, пән мұғалімдері және жас мамандардың қатысуымен «Microsoft Teams» платформасы арқылы кездесу өткізіліп, онкүндік мақсатымен, жоспарымен таныстырылды.
6 сәуір күні мектеп психологы Таласпаев Айболат Шегебаевич жас мамандарға көмек көрсету және ұжымда психологиялық ахуал қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру мақсатында «Жарқын болашақ иесі-бүгінгі жас маман» атты психологиялық тренинг өткізді.
Онкүндік барысында жас мамандар тәлімгерлермен бірлесе отырып жоспарлаған, ашық сабақтарды көрсетті. Ашық сабақтар барысында оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерімен қатар, заманауи ақпараттық технологияларды тиімді қолдана алды. Сабақтарға қатысқан сарапшылар сабақтарды арнайы сабақты талдау парақтарындағы берілген критерийлермен талдап, өздерінің бағаларын бере отырып, ақыл-кеңестерін айтып, әдістемелік көмек көрсетті.
Сонымен қатар, жас мамандар онкүндігі аясында химия мен географиядан, қазақ тілі мен математикадан, география мен информатикадан кіріктірілген сыныптан тыс іс-шаралар тізбегін өткізді. Кіріктірілген сыныптан тыс іс-шаралардың барлығы да мектеп ұжымымен жоғары бағаланды. Оқушылар тарапынан кері байланыс алған уақытта осындай іс-шаралардың керек және қызықты екенін баса айтты.