18 қазан күні ашылу салтанаты жиынында апталықтың мақсаты: география, биология және химия сабақтарында және сабақтан тыс іс – шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білім алуға қызығушылығын арттыру, ой-өрісі мен таным белсенділіктерін жан-жақты жетілдіру екендігі туралы айтып таныстырылды.
Салтанатты жиында жаратылыстану бірлестік жетекшісі: Н.Ә. Бейсенбаева, химия пәні мұғалімі Э.Т.Имашева, 10-11 сынып оқушылары апталыққа арнап құттықтау жолдады. Мектебіміздің директоры К.К.Муканов апталықтың маңызыдылығы туралы айтып, сәттілік тіледі.
Қазақтың ұлттық тағамдарының көрмесі ұйымдастырылды, қазақтың ұлттық тағамдарының дәруменге бай екендігі туралы сөз етілді.