2021 жылдың 20 қазанында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Прагматизм білімнің салтанат құруы, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы» бағыты, «Еңбек елдің мұраты» арнайы жобасы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Ашық есік күні» акциясын өткізу мақсатында «№ 2 Новоишим орта мектебі» КММ 7 «В» сынып оқушылары Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының № 16 Өрт сөндіру бөліміне барды.
Экскурсия барысында оқушыларды өрт сөндірушілердің тарихынан, өрт шыққан кездегі іс-қимыл ережелері туралы кейбір фактілермен, сондай-ақ қолда бар өрт сөндіру техникасымен және арнайы киімдерімен таныстырды.