2021 жылдың 18 қазан күні жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өткізеді.
Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:
оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;
Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.
Ғылыми конкурс 4 кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең - мектепішілік, екінші кезең – қалалық, үшінші кезең – облыстық, төртінші (қорытынды) кезең - республикалық.
РҒЖК-ға 4 бағыт бойынша 16 секцияда бойынша қатыстырылады:
І бағыт "Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде"
Секциялар: физика; техника; Жер және ғарыш туралы ғылым.
ІІ бағыт "Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу"
Секциялар: математика; Қолданбалы математика; информатика; экономика.
ІІІ бағыт "Салауатты табиғи орта - "Қазақстан-2030" Стратегиясын жүзеге асырудың негізі"
Секциялар: химия; биология; қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.
ІV. "Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар" бағыты
Секциялар: тарих; өлкетану; этномәдениеттану; тіл білімі; адам және қоғам; әдебиет.